Ана тілің алпыс тілге татиды

Ана тілі – ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. «НеПростые Казахстанцы» атты әлеуметтік жобаның үшінші шығарылымында филология ғылымының кандидаты, ақын және мұғалім Сая Итегулова сұқбат беріп, қазақ тіліне қатысты өз ойын білдірді.

Сая Ағанасқызы қазіргі Қазақстандағы тіл мәселесін көтеріп, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, қазақ тілінің дамуына қатысты қандай жұмыстар жасалып жатқанын және тілге қатысты өз отбасында болған қызықты оқиғаларды айтып берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *